русский язык

Жансая Әбдімәліктің ұстазы 2013 жылдың үздік жаттықтырушысы

Жансая Әбдімәліктің ұстазы 2013 жылдың үздік жаттықтырушысы

Танымал гроссмейстер Владимир Чучелов ФИДЕ нұсқасы бойынша 2013 жылдың үздік жаттықтырушысы атанды. Халықаралық шахмат федерациясы мұндай марапатты алтыншы рет табыс етіп отыр.

Сонымен қатар, Сьюэан Полгар (ең үздік әйелдер жаттықтырушысы), Ли Веньлин (ең үздік жасөспірімдер жаттықтырушысы) және Борис Постовский (ерекше жетістігі үшін)  сынды бапкерлердің еңбектері аталып өтті.

Атақты гроссмейстер Владимир Чучелов қазіргі уақытта негізінен бапкерлік қызметпен айналысады. Бельгия азаматының өз мектебі бар. Оның шәкірттері - Фабиано Каруана мен  Аниш Гири. Өткен жылдан бастап Чучелов қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлікпен жұмыс істей бастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;