РЕСМИ: Стойлов - «Астананың» жаңа бас бапкері
![РЕСМИ: Стойлов - «Астананың» жаңа бас бапкері](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1403363952_405982241.jpg?v=28695439)
Болгариялық маман елордалық команданың тізгінін ұстады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
47 жастағы білікті бапкер «Астанамен» келісімшартқа отырды. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Стойлов бір маусымда 1 млн ақш доллар жалақы алатын болады.
Станимир Стойлов «Астананың» бас бапкері ретінде алғашқы матчын ертең павлодарлық «Ертіске» қарсы өткізеді.