русский язык

Николас Ломбертс: «Игорь Акинфеев - мықты қақпашы, бірақ бізге қарсы ойында тағы бір қателессе жақсы болар еді»

Николас Ломбертс: «Игорь Акинфеев - мықты қақпашы, бірақ бізге қарсы ойында тағы бір қателессе жақсы болар еді»

Футболдан әлем біріншілігі аясындағы Бельгия мен Ресей арасындағы ойын алдында Николас Ломбертс өз ойымен бөлісті. 

«Ресейліктер мен ойын біз үшін маңызды. Қарсыластарымыз жайлы айтатын болсақ, олардың сапында ресей Премьер-лигасының ең үздік қақпашысы Игорь Акинфеев өнер көрсетеді. Кореялықтармен кездесудегі қателігіне қарамастан ол тәжірибелі ойыншы. Дегенмен, бізге қарсы ойында ЦСКА-ның қақпашысы тағы бір сондай қателік жасағанын қалаймын», - деді Ломбертс.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш матч ертең сағат 22:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде «Евразия» арнасы көрсетеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;