русский язык
Футбол

Патрик ван Лиувен: «Еуропа лигасы қарсаңында тағы трансферлер болады»

Патрик ван Лиувен: «Еуропа лигасы қарсаңында тағы трансферлер болады»

«Қайрат» футбол клубының спорт директоры Патрик ван Лиувен командаға қосылған жаңа ойыншылар жайлы пікірімен бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, кеше алматылықтар үш бірдей ойыншымен толықты – Виталий Ли, Бауыржан Байтана мен Станислав Лунин.

«Жас ойыншыларға көп көңіл бөлеміз. Бұл біз таңдаған бағыт. Ли, Лунин мен Байтана – жас талантты ойыншылар. Ли әзірге жарақатынан емделуде. Алдағы уақытта тағы трансферлер болады. Себебі Еуропа Лигасы жақындап қалды, негізгі құрамды күшейтуіміз керек», - деді ван Лиувен «Қайраттың» ресми сайтына. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;