русский язык
Бокс

«Астана Арландары» ҚР Президенті Кубогында бақ сынайды

«Астана Арландары» ҚР Президенті Кубогында бақ сынайды

«Астана Арланс» клубының боксшылары Қазақстан Президенті Кубогына қатысады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

8 мен 13 шілде аралығында Алматы қаласында «А» классы бойынша IV Халықаралық жарыс ҚР Президенті Кубогы өтеді.

Аталмыш додаға 14 елдің былғары қолғап шеберлері қатысады: Қазақстан, Куба, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәджікстан, Моңғолия, Армения, Түркменстан, Филиппин, Украина, Таиланд, Әзірбайжан мен Ирак.

Қазақстан құрамасы бұл жарысқа үш команда қосады. «Астана Арланстың» бес боксшысы еліміздің намысын қорғайды: Теміртас Жүсіпов (49 келі), Ілияс Сүлейменов (52 келі), Берік Абдрахманов (60 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;