русский язык

Старридж: «Соңына дейін күресетін боламыз»

Старридж: «Соңына дейін күресетін боламыз»

Англия құрамасының шабуылшысы Дэниэл Старридж әлем чемпионатының екінші турындағы Уругвайға қарсы матчта қарсыласының қақпасына гол салатын бірнеше мүмкіндікке ие болды, алайда оның бәрін де форвард пайдалана алмады. Осылайша, ағылшындар жеңіліп қалды. Енді «Үш арыстандарға» плэй-оффқа шығу қиынға соғады.

«Уругвайға қарсы ойында жеңіліп қалғанымыз үшін ұяламын. Мен өзімді жаман сезініп тұрмын және жүрегім бірнеше бөлікке бөлініп қалғандай. Жанкүйерлерімізден кешірім сұраймын. Теориялық тұрғыда әлі де мүмкіндігіміз бар, сондықтан соңына дейін күресетін боламыз», - деді Старридж әлеуметтік желіде,

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;