русский язык

ӘЧ – 2014. Колумбия құрамасы плей-оффқа жолдама алды

ӘЧ – 2014. Колумбия құрамасы плей-оффқа жолдама алды

Әлем чемпионатының сегізінші күнінде Колумбия мен Кот д'Ивуар құрамалары кездесті. «С» тобындағы қос команда үшін де әрбір ұпай алтыннан құнды. 

Мундианльға Фалкаосыз келсе де Колумбия құрамасы алғашқы ойынын сәтті бастаған еді. Ал Африкалық команда бүгінгі кездесуге Дидье Дрогбасыз шықты.

Колумбиялықтар матч басталысымен басымдыққа ие болды. Гутьеррес бірінші болып қарсылас қақпашысын тексеріп көрді. Бағытталған соққы қауіпті болғанымен қақпа бағанасынан сәл қиыс кетті. Колумбиялықтар бірінші нөмірмен ойнаса, Сабри Лямуши шәкірттері қарымта шабуылдарға иек артты.

АПЛ-да доп тебетін Шейк Тиоте Кот д'Ивуардың алғашқы соққысын жасағанымен, оған дәлдік жетіспеді.

Родригес сол қапталдан сытылып өтіп ортадағы Гутьеррес пас шығарды. Колумбия жанкүйерлерінің өкінішіне қарай Теофило 100 пайыздық мүмкіндікті мүлт жіберді.

Қарымта шабуылға шыққан Ивуарлықтардың ұмтылысы Серж Орьенің  қақпаға тура соққысымен аяқталды.

Бұдан кейінгі 15 минутта Колумбиялықтар айқын басымдыққа ие болмады. Доптан бір сәтке көз жазбаған Латын Америкалықтардың бұл басымдығы өз нәтижесін бермеді.

Алғашқы таймда шабуылшылар емес қорғаушылардың шеберлігіне тәнті болдық. Қос құраманың қорғанысы сыр білдірмеді. Алма-кезек шабуылдар жасалғанымен аузыға іліп алар өткір шабуылды көрген жоқпыз. Өйткені екі жақ та аса сақ қимылдады. Әр істі он ойланып барып істеді. Осындай сақтық шаралары бірінші таймда гол соғылмауының басты  себебі.

Екінші тайм аса жылдам ойынмен басталды. Колумбиялықтар Африкалық қорғаушылары мен қақпашының дегбірін қашырды. Шабуылдар бірінен соң бірі жалғасып жатты, алайда нәтиже әкелеген біреуі жоқ.

Макс Градель қорғаушылардың қателігін пайдаланып, қақпаға соққы бағыттағанымен Йепес командасын голдан аман сақтап қалды.

Хосе Пекерман екінші деммен шабуыл бастады. Куадрадо сол қапталмен алдындағы қорғаушыны алдап өтіпдопты қақпаға тура бағыттады.  Алайда Барри құтқарды, доп оның қолына тиіп барып қақпа бағанасынан кері қайтты.

64-ші минутта көптен күткен жағдай болды. Бұрыштама добына бірінші жеткен Родригез биылғы әлем чемпионатындағы екінші голын соқты.

Қақпасына гол жіберіп алған Ивуарлықтар таулы-тұяғы қалмай алға ұмтылды. Кезекті шабуыл соққымен аяқталды. Орьенің жақын бұрышқа ұрған добын Оспина оңай тосып алды.

Біраз босаңсыған Африкалықтар өз алаңында өрескел қателік жасады. Гутьеррес бір қорғаушыны алдап өтіп, Кинтероны қақпашымен жеке қалдырды. Ал соңғысы өз кезегінде Оспинадан оңай айласын асырды. Сөйтіп 70-ші минутта есеп 2:0-ге жетті.

Алайда көзлі ашып-жұмғанша ивуарлықтар есептегі айырманы қысқартты. 3 минут өтер өтпестен Жервиньо жеке шеберлігінің арқасында төрт қорғаушыны артта қалдырып, Оспина қақпасынан саңлау тапты.

Соңғы он минутта Колумбиялықтар 11 футболшымен қорғануға көшті. Негізгі мақсат қолдағы жеңістен айырылып қалмау. Латын америкалықтар алға қойған мақсатты сәтті орындап шықты. Қорытынды есеп - 2:1. Колумбия - плей-офф кезеңінде!

Колумбия – Кот д'Ивуар  2:1 (0:0)

Голдар: 64′ Родригез (1:0), 70’ Кинтеро (1:1), 73’ Жервиньо (2:1),

Бас төреші: Ховард Уэбб

Қосалқы төрешілер: Майкл Малларки, Даррен Кэнн

19.06.2014 22:00 Бразилия Ұлттық стадионы

Торрентера Марвин, Кинтеро Маркос

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;