русский язык

Қазақстан құрамасы Аустриядан ірі есеппен жеңілді

Қазақстан құрамасы Аустриядан ірі есеппен жеңілді

2015 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Аустрияға жол берді.

Бұл матч 15 жыл бойы ұлттық құрамамызда өнер көрсетіп келе жатқан Наталья Иванованың соңғы кездесуі болды. Қонақтар ойын басталысымен шаруасына кірісті және төртінші минутта-ақ есеп ашты. Николь Билла командасының тамаша шабуылын түйіндеді. Араға тағы да төрт минут салып, австралиялықтар есепті еселей жаздады, алайда Оксана Железняк сенімді ойнады. Кейін біздің футболшы қыздар ойынды өз қолына ала бастады. Әсіресе, Қырғызбаева мен Красюкова ерекше көзге түсті. Екінші таймда Калоян Петковтың шәкірттері бірнеше мәрте қауіпті шабуылдар жасады, бірақ доп қарсыласының қақпасына барғысы келмеді. 61-минутта Аустрияның 10-шы нөмірі Бургер көзге түсті, 15-минуттан соң Николь Билла дубль жасап, ойынның нүктесін қойды – 0:3.                                                            

Қазақстан – Аустрия - 0:3 (0:1)

Голдар: Билла 4, 77, Бургер 61

Қазақстан: Железняк, Жолшиева (Николаенко 87), Красюкова, Идиатуллина, Мясникова, Жаңатаева, Иванова (Вылданова 62), Қырғызбаева, Кәрібаева (Бабшук 83), Айтымова, Ялова

Аустрия: Криштлер, Кирхбергер, Ашауэр, Тибер (Мар 82), Прохазка, Шнадербек, Пунтигам, Билла, Цадрациль (Пельтль 65), Бургер (Эдер 75), Макас

Төреші: Шерон Слуйтс (Бельгия)

Ескертулер: Идиатуллина 51, Шнадербек 74

19 маусым. Алматы. Орталық стадион.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;