русский язык

Дель Боске орнында қалады

Дель Боске орнында қалады

Испания футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Висенте дель Боскені жұмыстан босатпайды.

Испаниялық БАҚ-тың хабарлауынша, федерация президенті Анхель Мария Вилья команданы әлем және Еуропа чемпионы қылған маманға әлі де сенім артады.

Естеріңізге сала кетсек, Бразилиядағы әлем чемпионаты  аяғына жетпесе де, Испания құрамасы топтық кезеңнен шыға алмай қалды. Голландия және Чилиге қарсы кездесулерден кейін «Қызыл фурия» плэй-оффқа жолдамадан айырылды.

Дель Боскенің өзі болашағы туралы нақты шешімге келген жоқ. Бапкер өз шешімін президентпен сөйлескеннен кейін жариялайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;