русский язык

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын құрам белгілі

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын құрам белгілі

Ертең Татарстанның бас шаһары Қазанда ауыр атлетикадан жастар арасында әлем біріншілігі жалауын көтереді.

Әлемнің әр қиырынан жиналған 300-ден аса мықтының тартысына куә боламыз. Бұл сында бақ сынайтын отандық зілтеміршілердің есімі белгілі. Қазанда негізінен ерлерге үміт артамыз. Тізімге жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Альберт Линдер, қола жүлдегер Михаил Макеев те ілініпті.

Тартысты дода 28 маусымда аяқталады.

 

Құрама тізімі:

56 келі: Игорь Сон

62 келі: Михаил Дроздов, Тимур Хасаров

69 келі: Альберт Линдер (әлем чемпионы), Михаил Макеев (әлем чемпионатының қола жүлдегер)

85 келі: Станислав Демидов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;