русский язык
Хоккей

«Барыс» Назаров бас бапкер қызметіне тағайындалғанын растады

«Барыс» Назаров бас бапкер қызметіне тағайындалғанын растады

«Барыс» ХК Қамқорлық кеңесінің шешімі бойынша Андрей Назаров бас бапкерлік қызметінен босатылған Ари-Пекки Селиннің орнына тағайындалды,деп хабарлайды клубтың сайты.

Естеріңізге сала кетейік, 2013-2014 жылғы маусымда қазақстандық клубты басқарған финдік бапкер «Барысты» алғаш рет ҚХЛ-дың ширек финалына дейін алып шыққан болатын.

Ал, Андрей Назаров жайында сөз қозғайтын болсақ, ол өткен маусымда донецкілік «Донбасс» пен Украина құрамасын жаттықтырған болатын.  Оның жетекшілігімен «Донбасс» Гагарин Кубогының ширек финалына шықты. Украина елінде орын алған саяси жағдайдан кейін клубтың бірқатар жетекші ойыншылары командадан кетіп қалып, ал клубтың аренасын белгісіз біреулер өртеп кеткен болатын.  Жаңа маусымда «Донбасс» ҚХЛ чемпионатына қатыспайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;