русский язык
Футбол

Ренан Брессан «Астанадан» кетеді

Ренан Брессан «Астанадан» кетеді

«Астана» ФК жартылайқорғаушысы, ҚПЛ-дың ең қымбат футболшысы Ренан Брессан елордалық клубтан кетеді, деп мәлімдейді шетел басылымдары.

«Жағдай түсініксіз», – деп бастады футболшының жеке агентті Исаев sports.ru сайтына берген сұхбатында. «Біз туралы жағдай баршаңызға мәлім шығар  – клубтағы жағдай көңіл көншітпейді. Ренанға басқа команда іздейміз. Жақын арада «Астана» басшылығымен сөйлесеміз. Бұлай жалғаса беруге болмайды, жағдайды дереу түрде өзгерту керек».

– Брессанның ашылуына не кедергі болды?

– Біріншіден, Ренан чемпионаттан басқаша үміт күтіп еді. Бір жағынан соғанда байланысты. Екіншіден, маусымаралық жиын тез өтті. Командаластарымен түсінісуге уақыт тапшы етті. Алайда ел біріншілігін жап-жақсы ақ бастап еді. Алғашқы матчта бірінші таймды толықтай ойнап шықты. Екінші кездесуде ойын ортасында араласты. Бірақ бұдан ары жалғасын таппады. Рен қосалқы құрамда ұзақ отырып қалды. Тіпті кейбір матчта тізімге де ілінген жоқ. Мен бәрін түсінер едім, бірақ мұндайды емес. Ренанды бәрі біледі. Ол жаттығуда нашар дайындалады дегенге сену қиын. «Астананың» бас бапкерімен ауыспай тұрып ұзақ сөйлестік. Ол Брессанның ойынына қызығушылық танытып, өз командасында көргісі келді. Егерде бір футболшыны алсаң, «көрпесіне қарай көсілу керек».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;