русский язык

«Ертіс» ел кубогы аясында «Шахтерден» ұтылды

«Ертіс» ел кубогы аясында «Шахтерден» ұтылды

«Шахтер» тартысты кездесуде ел кубогының жартылай финалына шықты.

Қазақстан кубогының 1/4 финалы аясындағы «Шахтер» мен «Ертіс» кездесуінде жалғыз гол ойын тағдырын шешті. Бірінші тайм тең аяқталса, екінші таймда кеншілер бір гол соғып жеңісті жұлып әкетті. Кездесудің 61-ші минутында өзбекстандық легионер Мұрзоев Мұртазаевтың нәтижелі пасынан жеңісті голдың авторы атанды – 1:0.

«Шахтер» - «Ертіс» 1:0 (0:0)

Гол: Мұрзоев 61

«Шахтер»: Мокин, Симчевич, Джидич, Василевич, Порываев, Қонысбаев (Саломов 79), Тарасов (Байжанов 6), Вичюс, Финонченко, Мұртазаев, Мұрзоев (Топчагич 63)

«Ертіс»: Калмыков, Чичулин, Чучман, Чернышев, Тотай, Мухутдинов (Бегалин 86), Говедарица (Аманов 78), Дудченко, Юрин, Бурзанович (Бақаев 64), Старокин

Төрешілер: Асхат Абданбаев, Евгений Бельский, Дмитрий Филоненко (барлығы – Тараз)

Ескерту алғандар: Порываев 44, Вичюс 71 – Чернышев 41, Бакаев 90

18-ші маусым. Қарағанды. «Шахтер» стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;