русский язык

Антонов «Ақтөбеге» жеңіс сыйлады

Антонов «Ақтөбеге» жеңіс сыйлады

Футболдан ел кубогының жартылай финалына шыққан барлық командалар анықталды.

Былтырғы маусымда ел кубогы жолында «Тараздан» ұтылған ақтөбеліктер, бұл жолы оңтүстік қазақстандықтардан есесін қайтарды. ҚПЛ аясында Владимир Никитенконың командасы 2:0 есеппен «Таразды» ұтқан болатын.

«Қобыланды батыр» стадионындағы кездесу ақтөбеліктердің шабуылымен басталды. Жуырда ғана «Таразға» ауысқан ел чемпиондарының бұрынғы қақпашысы Жасұр Нәрзіқұлов бірнеше соққыны қайтарды. Десек те, украиналық шабуылшы Алексей Антонов «Ақтөбе» сапындағы алғашқы голын соғып, командасын есепте алға шығарды. Артынша, екінші таймда «Тараздың» үздік сұрмергені Мұрат Тілешов таразы басын теңестірді. Ойынның аяқталуына төрт минут қалғанда Антонов дубль жасап, командасын жартылай финалға алып шықты – 2:1.

 

«Ақтөбе» - «Тараз» 2:1

Голдар:  Антонов 22,(1:0), 86 (2:1); Тлешев 67 (1:1), 

«Ақтөбе»:  Сидельников, Мирошниченко , Пиззелли, Хайруллин, Арзуманян, Тәнірберген, Левин, Логвиненко, Зенькович, Антонов, Кападзе

«Тараз»: Нәрзіқұлов,  Рой, Воротников, Скорых, Айтбаев, Байтана, Щеткин, Недашковский, Сергиенко, Евстигнеев, Әмірханов

Төрешілер: Виктор Антонов, Семён Журавлёв (екеуіде — Павлодар), Александр Павлов (Алматы) Қосалқы төреші: Бахыт Қызылбаев (Ақтөбе) Инспектор: Олег Соколов (Астана)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;