русский язык
Хоккей

Ресейлік бапкер Андрей Назаров донецкілік «Донбасстан» «Барысқа» ауысады, деп хабарланады sportbox.ru сайтында.

Сайттың хабарлауынша, Ари-Пекка Селин қазақстандық клубтағы бас бапкерлік қызметінен босатылған көрінеді. Алайда, «Барыс» клубының баспасөз хатшысы Олег Журкевич Ари-Пекка Селиннің келісімшарты тағы бір жылға жалғасатындығын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, құраманың бұрынғы бапкері Ари-Пекка Селин мен ҚР құрамасының  бұрынғы бас менеджері Нұрлан Оразбаев Минскіде өткен әлем чемпионатында команданың сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты өз қызметтерінен босатылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;