русский язык
Футбол

УЕФА тарихындағы ең үздік гол

УЕФА тарихындағы ең үздік гол

Харьков «Металлисінің» ойыншысы Тайсонның норвегиялық «Русенборг» қақпасына соққан голы УЕФА-ның 60 жылдық тарихындағы ең үздік доптар конкурсында көш бастап тұр, деп жазады rg.ru.

Ғажайып гол салынған сәттің бейнеролигіне УЕФА-ның ресми сайтына тіркелген 2000 адам оң баға берген. Салыстыру үшін айта кетер болсақ, басқа бейнероликтердің ең алды 320 дауыс жинаған екен. Бірақ мұнда жеңімпаз дауыс санымен емес, қойылған балдың ортақ көрсеткішімен есептеледі. Әр баға беруші 1-ден 5 ұпай аралығында голды бағалайды. Қазіргі сәтте Тайсонның голы ортақ көрсеткіші 4,5-тен асқан жалғыз доп екенін айта кеткен жөн.

1988 жылы Еуропа чемпионатында КСРО құрамасының қақпасына соғылған атақты Марко ван Бастеннің голы да осы конкурста бағаланған болатын. Бірақ оның ортақ көрсеткіші 4 балдан аспаған еді. Тайсон, сондай-ақ, Луиш Фигу, Зинедин Зидан, Ибрагимович, Фалькао мен Криштиану Роналдулардан да озық тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;