русский язык

Диего Марадонаны стадионға кіргізбеді

Диего Марадонаны стадионға кіргізбеді

Диего Марадона Аргентина мен Босния және Герцеговина құрамалары арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі матчын теледидар арқылы көруге мәжбүр болды, деп хабарлады Lenta.ru CNN-ге сілтеме жасап.

Бразилиялық «Маракана» стадионының қызметкерлері Аргентина құрамасының бұрынғы тәлімгерін тиісті тіркеу құжаты болмағандықтан аренаға жібермеген. 

Айта кетейік, Аргентиналықтар мен босниялықтардың кездесуі «Альбиселестенің» 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;