русский язык
Футбол

«Монако» Фалькаоның бағасын жариялады

«Монако» Фалькаоның бағасын жариялады

«Монаконың» басшылығы шабуылшы Радамель Фалькаоны 60 миллион еуроға сатпақшы.

Франциялық БАҚ-тың хабарлауынша, вице-чемпиондар колумбиялық шабуылшыны ұстамай, жақсы бағаға сатып жібермек ойда. Олардың пікірінше, Фалькаоның құны 60 миллион еуроны құрайды.

Радамельге италиялық «Милан» қызығып отырғаны белгілі болды. «Россонери» Марио Балотеллиді үстіне құнын төлеп Фалькаоға ауыстырғы келеді.

Фалькао франциялық 1 лигада 17 ойында алаңға шығып, 9 рет  көзге түсті. Ол маусымның көп бөлігін жарақатына байланысты жіберіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;