русский язык
Футбол

«Челсидің» бұрынғы бапкері Өзбекстан құрамасын баптайды

«Челсидің» бұрынғы бапкері Өзбекстан құрамасын баптайды

Кезінде лондондық «Челсиді» басқарған Израильдің белгілі футбол бапкері Авраам Грант  Өзбекстанның құрамасын басқаруға келісім берді, деп хабарланды сейсенбі күні Өзбекстан Футбол федерациясының сайтында.

Хабарламада «Өзбекстан құрамасын әлем чемпионатына шығаруға көмектесе аламын. Егер Өзбекстан тарапынан ұсыныс келіп жатса, оны қарастыруға әзірмін», - деген   Гранттың сөзі келтірілген.

 «Өзбекстанда дарынды футболшылар көп, бірақ ол жеткіліксіз. Олармен жақсы жұмыс жасап, дұрыс жолға бағыттау қажет. Сонда ғана ойдағыдай нәтижеге қол жеткізуге болады», - дейді израильдық маман.

Грант Израильдің «Хапоэль» және «Маккаби» клубтарында, сондай-ақ ағылшындық «Челси», «Портсмут», «Вест Хэм», сербиялық «Партизан» мен  Израиль құрамасында бапкер болып жұмыс істеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;