русский язык

Көркем гимнастикадан турнир өтті

Көркем гимнастикадан турнир өтті

Спорттық жарысқа 60-тан астам жасөспірім қатысқан. Жас шамасына қарамай барлығы да бағдарламаны толық орындап шығуға тырысты.

Доппен де, лентамен де шебер өнер көрсетті. Қатысушылардың ең жасы 6-да. Олардың бұл сайысы үлкен спорттағы алғашқы қадамы болды. Турнирге республикалық және халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген білікті гимнасшылар да қатысты. Адель Арман көркем гимнастикамен 3 жылдан бері айналысады. Маңдай терін төккен жаттығулары өз жемісін берді. Турнирде Адель 2-орынға ие болды. Енді ол Көкшетауда өтетін республикалық жарысқа дайындалмақ. Адель Арман, турнирге қатысушы: - Мен Әлия Юсупова секілді халықаралық жарыстарға қатысуды армандаймын. Сондықтан көп еңбектенуге, жаттығуға тырысамын. Мұндай жарыстар еліміздің әр аймағында өтіп жатыр. Алматыда, Степногорскіде, Көкшетауда өтуде. Нұрия Ысқақова, турнирдің бас төрешісі: - Мұндай турнир балалар үшін өте қажет. Сортта өсуіне де жақсы деп ойлаймын. Турнирлер көп өткен сайын балалар да шыңдала түседі. Өз күштерін байқап көреді. Қорыта айтқанда, бұл жарыстар жасөспірімдерге ауадай қажет. Алдымызда Көкшетауда өтетін турнир бар. Біз оған ең үздік қыздарымызда алып баруға тырысамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;