русский язык
Футбол

«Монако» Фалькаомен қоштаспақшы

«Монако» Фалькаомен қоштаспақшы

«Монаконың» шабуылшысы Радамель Фалькао осы жазда міндетті түрде Монте-Карлодан кетеді, деп хабарлайды француз журналы Le10Sport.

Дереккөздің сөзіне сенсек, Фалькао жаңа бас бапкер Леонардо Жардинаның схемасына кірмейді. Фалькаоға «Реалдан» бөлек «Челси» мен «Арсенал» қызығып отыр.

Колумбиялық форвардтың өзі мәнсабын ағылшын Премьер-лигасында жалғастырудан кетәрі емес.

Осы маусымда Радамель «Монако» сапында 19 матчта алаңға шығып, 11 рет көзге түсті. Ол біраз уақыт жарақатына байланыс жіберіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;