Березуцкий Ресей құрамасының капитаны болады
![Березуцкий Ресей құрамасының капитаны болады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1402998305_2367893.jpg?v=28695332)
Куяба қаласындағы «Арена Пантанал» стадионында болатын Ресей – Оңтүстік Корея матчы алдындағы бапасөз мәслихатында ресейлік команданың капитаны ретінде қорғаушы Василий Берецузкий ұсынылды, деп хабарлайды РФС-тің ресми сайты.
«Әлем чемпионатында Ресей құрамасының капитаны болу мен үшін үлкен құрмет. Өз әріптестеріме алаңда да, тыс кезде де жақсы үлгі бола аламын деп үміттенемін», – деді Березуцкийдің өзі.
Ресей мен Оңтүстік Корея құрмаларының арасындағы матч 17 маусымнан 18-іне қараған күні Астана уақытымен 04:00-де басталады.