русский язык

Қытайда бірнеше күн ұйықтамаған футбол жанкүйері көз жұмды

Қытайда бірнеше күн ұйықтамаған футбол жанкүйері көз жұмды

Бірнеше күн ұйықтамаған қытайлық жанкүйер матч кезінде көз жұмды,-деп хабарлайды Kazinform халықаралық ақпараттық агенттігі Eurosport-қа сілтеме жасап. 

Жұма күні Сучжоу қалалық округінде үйіндегі теледидар алдында өліп жатқан 25 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. 
Ол қайтыс болғанға дейін Бразилияда өтіп жатқан Испания мен Нидерланды футбол құрамаларының кездесуін тамашалағаны белгілі болды.

Қытайлықтың неден өлгені әлі белгісіз, ағзаның әлсіреуі ме, әлде ұйқының депривациясынан жүрек талмасы ма, әзірге нақты анықталған жоқ.

Айта кетейік, әлем чемпионатына бара алмаған футбол жанкүйерлеріне түн ортасында теледидардан тікелей эфирдегі ойынды тамашалау үшін күндіз жақсылап тынығып алуларына тура келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;