русский язык

ӘЧ – 2014. АҚШ жігіттері жанкештілік танытып, жеңісті жұлып алды

ӘЧ – 2014. АҚШ жігіттері жанкештілік танытып, жеңісті жұлып алды

Әлем біріншілігінің бесінші күнін «G» тобында өнер көрсететін Гана мен АҚШ құрамаларының кездесуі түйіндеді. Германия мен Португалия қарсылас атанатын бұл «өлім» тобында әр ұпай үшін үлкен арпалыс болады.

Матч фаворитері сөзсіз өткен әлем чемпинатының ширекиналисті Гана құрамасы еді. Алайда ойын барысында «қара маржандардың» жеңіске деген құлшынысын көре алмадық. Матч басталып ауыз жиып үлгергенше АҚШ құрамасы есепті ашып кетті. Мүмкін бұл әлем чемпионатының ең тез голы болар... Бар болғаны 31 cекундта АҚШ құрамасының ойыншылыры сол қапталдан шабуыл жасады. Команда капитаны Дэмпси қорғаушыларды «жас баладай» қапы қалдырып, қақпа тесігінен саңылау тапты.

Тез гол жіберген Гана ойыншылары есеңігіреп қалғандай. Жөнді шабуыл жасай алмады. Ал керісінше АҚШ құрамасы алғашқы голға қанаттанып шабуылдың артынан шабуыл жасап, Африка қүралығының өкілдеріне «жығылған үстіне жұдырық» болғандай.

Юрген Клинсман шәкіртерінің 18-ші минутта оң қапталдан жасаған шабуылында есепті еселеуге мүмкіндігі болып еді. Гана қорғаушылра Джонсонды ұмыт қалдырды, ал ол допты Дэмпсидің аяғына салып берді. Алайда бұл жолы қорғаушылар «жанкештілік» танытып, допты жолына тосқауыл бола білді.

Гана ойыншылары жарты сағат өткен соң ғана жөнді шабуыл жасауға мүмкіндік алды. Кристан Атсу «алыс тоғыздыққа» соққы бағыттап көрді. Доп қақпа бағанасынан сантиметрге ғана қиыс кетті.

 

«Дэмпсидің қуану сәті»  

Екінші таймға Квеси Аппиа жігіттерін ерекше жігердендіріп шығарғандай, матч басталысымен есепті теңестіруге алғаш шықты. Тағы да сол Гьян айып алңаңының сыртынан баспен соққы жасап үлгерді, Хоуард өз орнында.

Кезекті бір шабуылда Фабиан Джонсон екі Гана қорғаушыларының ортасынан сытылып өтіп, Дэмпсиге пас берді. Клинт «тоғыздықты» дәл көздегенімен, қақпашы бұл соққыны «шемішкедей шақты».

82-ші минутта сол қапталдан басталған шабуылды Асамоа Гьян жалғастырды. Гьян Айюға «соқыр пас» беріп, қақпашымен жеке қалдырды. Айю өз кезегінде жақын бұрыштықты дәл көздеді, Хоуард әлсіз. Гана жанкүйерлерінің қуанышы шексіз. Есеп теңесіп, енді гол соғылмайды ғой деген кезде...

Көзді-ашып үлгергенше, 4 минут өтер-өтпестен «бүркіт» елінің жігіттері «бүркітше қалықтап» гол соғып кетті. Бұрыштама добына бірінші болып жеткен Брукс допты қақпаға «шеге өадағандай» боп соққы жасады.

«Бүркітше қалықтаған Брукс» 

Осылайша тағы бір кішігірім сенсация орын алды. Германия мен АҚШ құрамалары үш ұпайдан еншілесе, сәйкесінше Португалия мен Гана құрамалары олжасыз қалды.

 

Әлем чемпионаты. «G» тобы

 

Гана – АҚШ 1:2 (1:0)

 

Голдар: Демпси 1', 82' Айю, Брукс Дж. 86'


Төрешілер: Юнас Эрикссон, Матиас Класениус, Даниэль Варнмар


17 маусым 2014 04:00 Estadio das Dunas cтадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;