русский язык

Криштиану Роналду: «Бұл Португалия жылы болуы тиіс»

Криштиану Роналду: «Бұл Португалия жылы болуы тиіс»

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем чемпионатында Германия командасына қарсы матчтың алдында португалиялықтардың қарсыласын тізе бүктіре алатынын жеткізді.

«Неміс құрамасы өте мықты. Бұлар — әлемнің үздік командаларының бірі және мундиальдің фавориті. Бірақ біз жеңіске жету үшін қолымыздан келгенін аямаймыз. «Реал» да ұзақ уақыт бойы мюнхендік «Баварияны» жеңе алмаған болатын, алайда бәрі өзгерді ғой. Бұл Португалия жылы болуы тиіс», — деді Роналду.

Естеріңізге сала кетсек, бұл құрамалар арасындағы матч Астана уақытымен 22:00-де басталады. Ойынды «Еуразия» арнасынан көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;