русский язык
Теннис

АТР-ның жаңа рейтингі жарияланды

АТР-ның жаңа рейтингі жарияланды

16 маусымда жарияланған Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының жаңа рейтингінде қазақстандық команданың көшбасшылары өз орындарынан сәл түсті.

Михаил Кукушкин сегіз сатыға төмендеді, ал Андрей Голубев бір орынға түсіп, қазақстандық теннисшілер арасынан үздңк атанды, ол 55-орынға жайғасты. Александр Недовесов, тіпті, он жеті сатыға құлап, алғашқы жүздіктен шығып кетті. Осы аптада қайта кіруі екіталай, себебі ол Хертогенбостағы жарысты аяқтаған болатын.

Еркектер арасындағы әлемдік көшбасшылар арасында өзгеріс болмады – бірінші, екінші орындарда келе жатқан испаниялық Рафаэль Надаль мен серб Новак Джокович қалғандарынан қара үзіп кетті.

ATP рейтингі. 16 маусымнан кейінгі жағдай

1. Рафаэль Надаль (Испания) (0)

2. Новак Джокович (Сербия) (0)

3. Станислав Вавринка (Швейцария) (0)

4. Роджер Федерер (Швейцария) (0)

5. Энди Маррей (Ұлыбритания) (0)

55. Андрей Голубев (Қазақстан) (-1)

58. Михаил Кукушкин (Қазақстан) (-8)

101. Александр Недовесов (Қазақстан) (-17)

619. Евгений Королев (Қазақстан) (+2)

628. Денис Евсеев (Қазақстан) (0)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;