русский язык
Баскетбол

«Сан-Антонио Сперс» ҰБА-ның чемпионы атанды

«Сан-Антонио Сперс» ҰБА-ның чемпионы атанды

«Сан-Антонио Сперс» баскетболшылары өз алаңында «Майами Хитті» финалдық серияның бесінші матчында тізе бүктіріп, ҰБА-ның 2012/2013 жылғы маусымының чемпионы атанды.

Кері қайтар жолы қалмаған «Хит» бірінші кезеңде «+7» айырмашылығымен алға шығып, сенімді ойнады. Алайда қалған екі кезеңді былтырғы маусымның чемпиондары сәтсіз өткізді – «Сперс» екіншісін «+14», үшіншісін «+12» айырмашылығымен ұтты.

Грег Поповичтің командасына төртінші кезеңде қолда бар жеңістен айырылып қалмау керек болды, айдын иелері өз міндеттерін толығымен орындады.

Матчтың қорытынды есебі – «Сперстің» пайдасына 104:87, олар жеті жылдық үзілістен кейін тағы да чемпион болды.

 

«Сан-Антонио Сперс» – «Майами Хит» 104:87 (22:29, 25:11, 30:18, 27:29)

«Сан-Антонио»: Леонард (22), Джинобили (19), Миллз (17), Паркер (16), Данкан (14), Диао (5), Белинелли (4), Сплиттер (3), Бэйнс (2), Эйрс (2).

«Майами»: Джеймс (31), Бош (13), Уэйд (11), Бизли (9), Чалмерс (8), Аллен (5), Дуглас (3), Льюис (3), Коул (2), Хаслем (2), Андерсен.

 


 

 

Видео YouTube порталындағы Ashok Gamer арнасынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;