русский язык
Бокс

Ливинцев турнирі. Қуаныш алтынмен қуантты

Ливинцев турнирі. Қуаныш алтынмен қуантты

Беларуссия астанасында боксшыларымыз бір алтын, екі күміс пен бес қоланы қоржынға салды. Минскте өткен Кеңес Одағының батыры Виктор Ливинцевті еске алуға арналған халықаралық турнир биыл он екінші рет ұйымдастырылды. 

13 елден 90 спортшы сайыс көрігін қыздырды. Дәстүрлі турнир елдегі ең беделді жарыстардың бірі.

Бізді қуантқан Қуаныш Сәрсенбаев. Аса жеңіл салмақтағы  өреніміз  финалда шаршы алаң иесі  Сергей Лобаннан айласын асырып, жеңімпаз атанды. Алтын үшін айқасқан  Ерік Әлжанов (75 келі) пен Мағжан Базарбай (91 келі) қарсыластарының осал тұсын таба алған жоқ. М.Базарбай өткен жылғы жеңімпаз беларуссиялық Сергей Корнеевке, Е.Әлжанов француз  Кристиан Ассомоға есе жіберіп қойды.

Қоланы кеудесіне таққандар: Мардан Берікбаев (52 келі), Дидар Өтелбаев  (56 келі), Мәулен Өскенбек (64 келі), Ернар Ешенов (69 келі) және Арбек Абдуғаниев       (91 келі).

Естеріңізде болса, 2012 жылы өткен дәл осы сайыста бір алтын, алты күміс және екі қола бұйырған. Жан Кособуцкий (аса ауыр салмақ) әзірбайжандық Магомедрасул Меджидовты  13:6 есебімен ұтып, чемпион атанғаны жадымызда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;