русский язык

ӘЧ-2014. Мессидің голы Аргентинаға жеңіс әкелді

ӘЧ-2014. Мессидің голы Аргентинаға жеңіс әкелді

Әлем чемпионатының басты фавориттерінің бірі Аргентина құрамасы турнирдің дебютанты Босния және Герцеговинамен күш сынасты. Марадоннаның шәкірттері еуропалық қарсыластарын оңайға соқпаған матчта тізе бүктірді.     

Әлемдік доданың алғашқы минуттары босниялықтар үшін сәтсіз басталды. Сол қанаттан Мессидің асырған добын номиналды қонақтардың қорғаушысы Сеад Колашниац өз қақпасына салып алды. Бұл матчтың бар болғаны үшінші минуты еді. Босниялықтар күтпеген жерден гол жіберіп қойғаннан кейін жағдайды оңалтуға тырысты. Биылғы әлем чемпионаты бірінші боп алға шыққан команданың кездесу қорытындысы бойынша жеңіліп қалуы әбден мүмкін екендігін бірнеше мәрте дәлелдеді. Сондықтан еуропалықтар жасыл алаңда білгенінен жаңылмауы тиіс еді. Ойынның басындағы босаңдылық қазір босниялықтардың жағдайын қиындатып тастады. Аргентиналықтар біраз уақыт Сафер Сушич шәкірттеріне допты беріп қойған болатын, алайда 20-минутқа таман қауіпті ұмтылыстарын қайта бастады. Ди Мария, Месси, Агуэро үштігі сәт сайыс қарсыласының мазасын алуға ұмтылды. Ал босниялықтардың сапынан Эдин Джеко Серхио Ромеро қақпасынан саңлау табуға тырысты. Алайда қос құраманың жасаған шабуылының бәрі де азусыз болды. Бірінші таймның соңына таман «айдаһарлар» қауіпті бұрыштама добын орындады. Сенад Лучичтің баспен бағыттаған соққысын Ромеро алаңнан шығарып жіберді. Жалпы, бірінші таймда командалар шабуылда ауыз толтырып айтарлықтай жарытып ойнамады.    

Үзілістен кейін алғашқы қақпа аңғарына бағытталған соққыны босниялықтар жасады. Алайда Изет Хайровичтің бағыттаған добы Ромероның оңай жеміне айналды. Кейін Изет тағы бір рет оңтүстік америкалықтардың қақпасын нысанаға алып көрді. Доп тағы да Ромероның қолынан табылды. Өз кезегінде аргентиналықтарда шабуылдап бақты. Айып алаңында Леонель Мессиден пас алған Серхио Агуэро Асмир Бегович қақпасын дәл көздеді, алайда соңғысы допты қарғып ұстап алды. 65-минутта Месси бірнеше ойыншыдан сытылып өтіп, сиқырлы сол аяғымен соққы бағыттады, бұл допқа Беговичтук қолы жеткен жоқ. Ал «бразука» бағана тиіп, қақпаның ішіне кіріп кетті – 2:0. Бұл голдан кейін Алехандро Сабелья шәкірттері белсенді ойнай бастады. Шабуылдағы трио қос қапталдан босниялықтардың қорғанысын бұзып-жаруға тырысты. Десек те, босниялықтар да ішінен бір түйгені бар болып шықты. 85-минутта алаңға тыңнан қосылған Ведад Ибишевич есеп айырмасын қысқартты. Алайда қалған аз уақыт еуропалықтарға таразы басын теңестіруге жеткіліксіз болды.   

Аргенгентина – Босния және Герцоговина 2:1 (1:0)

Голдар: 1:0 – Колашниац (автогол) 3, 2:0 – Месси 65, 2:1 – Ибишевич 85   

Аргентина: Ромеро, Гарай, Кампаньяро (Гаго 46), Сабалета, Ди Мария, Месси, Родригес (Игуаин 46), Маскерано, Рохо, Фернандес, Агуэро (Билья 87).

Босния және Герцеговина: Бегович, Бичакчич, Спахич, Коласинач, Бешич, Пьянич, Мисимович (Медуньянин 74), Джеко,Муйджа (Ибишевич 69), Лулич, Хайрович (Вишча 71).

Ескертулер: Рохо 25 – Спахич 63

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;