русский язык

Де Хеа жарақат алды

Де Хеа жарақат алды

Футболдан Испания құрамасының қақпашысы Давид Де Хеа жаттығу барысында жарақат алды, деп хабарлайды Marca.  

Икер Касильястің Голландия құрамасына қарсы әлсіз ойынынан кейін келесі матчта қақпаға Де Хеа тұруы әбден мүмкін болатын. Бірақ, кеше жас қақпашы жаттығу барысында жарақат алып кем дегенде он күн жасыл алаңға шықпайды. 

Естеріңізге сала кетсек, Испания құрамасы топтағы екінші кездесуін 18-ші маусымда Чилиге қарсы өткізеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;