русский язык

Таңатаров тағы да жеңілді

Таңатаров тағы да жеңілді

Павлодарда еркін күрестен өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде кезекті жеңімпаздар анықталды. Біз күтпеген нәтижелер қатарында Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың жеңілісі бар.

Финалда Жамбыл облысының өкілі Маңғыстаудан келген Азамат Өміржановтан ұтылып қалды. Бір айта кетерлігі, Ақжүрек өз салмағында белдескен жоқ (Таңатаров ресми түрде 74 келіде белдеседі).

Екінші жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

 

61 келі

1. Дәулет Ниязбеков (Қызылорда облысы)

2. Артас Сана (Ақтөбе облысы)

3. Дамир Төлеукенов (Қарағандыоблысы), Тимур Айтқұлов (Қостанай облысы)

 

70 келі

1. Азамат Өміржанов (Маңғыстау облысы)

2. Ақжүрек Таңатаров (Жамбыл облысы)

3. Нұрлан Бекжанов (БҚО), Цотнэ Барамидзе (Қарағанды облысы)

 

86 келі

1. Есбол Нұржымбаев (Маңғыстау облысы)

2. Аслан Кахидзе (Алматы облысы)

3. Ералы Әбдірашев, Дулат Аханов (екеуі де Астана)

 

125 келі

1. Ержан Дүйсенбеков (ОҚО)

2. Асхат Күсепов (Астана)

3. Магомед Агиев (Алматы), Леван Джаваридзе (Қостанай)

 

Ақпарат күрес қауымдастығының ресми сайтынан алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;