русский язык

Тастанбек Есентаев: «Біздің мақсатымыз – қазақ күресін Олимпиада ойындарына енгізу»

Тастанбек Есентаев: «Біздің мақсатымыз – қазақ күресін Олимпиада ойындарына енгізу»

Бүгін Астанада өткен Аударыспақтан тұңғыш ашық Азия чемпионатының баспасөз конференциясында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев журналистерге осындай ойын жеткізді,-деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қазіргі кезде қазақ күресі, аударыспақ, көкпар және тоғыз құмалақты ерекше дамытуды қолға алып жатырмыз. Біздің мақсатымыз – қазақ күресін Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіргізу. Олимпиада ойындарына ұлттық ойынымыздан біреуін енгізетін болсақ «Мәңгілік ел» атты болашақтық бағдарламаның бір кірпіші боларына сенімдімін»,-деді Агенттік төрағасы. 
Айта кетейік, ертең Астана қаласындағы «Қазанат» бәйге алаңында өтетін Аударыспақтан тұңғыш Азия чемпионатына 11 елдің спорт саңлақтары қатыспақ. Еліміздің намысын 70 келі салмақтағы Ермек Жапишев, 90 келі салмақтағы Сырым Ізбасаров және 90 келіден жоғары салмақтағылар бойынша Біржан Қосәлиев қорғайтын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;