русский язык

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Венгриядан ұтылды

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Венгриядан ұтылды

Футболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Венгриядан айласын асыра алмады.

Өз алаңында Венгриядан келген футболшыларды қабылдаған біздің қыздар 1:2 есеппен жеңіліп қалды. Бірінші тайм тең аяқталса, екінші таймда Ваго мен Падардың голдары қонақтарды есепте алға шығарды. Артынша, Қырғызбаева жалпы есепті қорытындылады.

Осылайша, ұлттық құрамамыз өз тобында сегіз кездесуден кейін төрт ұпаймен бесінші орында тұрақтады.

Қазақстан-Венгрия-1:2

Голдар: Қырғызбаева, 58 – Ваго, 49, Падар, 53

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;