русский язык
Футбол

«Қайрат» cырт алаңда үш ұпай еншіледі

«Қайрат» cырт алаңда үш ұпай еншіледі

Қазақстан Премьер – лигасының 16-шы туры аясында Тараз қаласында жергілікті команда мен алматылық «Қайрат» кездесті.

Айта кетейік матч өте тартысты өтті. Бес мәрте доп қақпа торында тулап жатты. Вайсс шәкірттері тек үш ұпай үшін келгені анық, ал тараздықтар өз алаңында жанкүйерлерінің бетін жерге қаратпауға тырысатыны анық еді.

Сонымен матч басталды. Алғашқы қауіпті соққы «Қайрат» ойыншыларының артында қалды. Бірінші гол өзін ұзақ күттірмеді. 9-шы минутта Дарабаев Бауыржанды әдемі пасымен қақпашымен жеке дара шығарды. Исламхан Бабахановтан айласын асырып кетті. Мирзабаев шәкірттері есепті теңестіруге алға ұмтылды. 16-шы минутта қорғаушылардың қателігін пайдаланған Уббинк Тілешевке пас асырады, екіншісі мүлт кетпеді. Бірінші таймның қалған уақытында есеп ашылған жоқ.

Екінші тайм басталысымен «Қайрат» ойыншылары шабуылға шықты. 56-шы минутта бұрыштама добын Маркович баспен соғып есепті еселеді. Көзді ашып жұмғанша есеп қай теңесті. Хомич соққыны тойтарғанымен қолында ұстап қала алмады, ал Скорых дер кезінде табылып допты алыс бұрыштыққа тепті. 63-ші минутта Аслан Оразаев Исламханды қақпашымен бірге бір шығарды. Исламхан тағы да шеберлігін паш етті. Есеп 3:2.

 

«Тараз» (Тараз) – «Қайрат» (Алматы) 2:3 (1:1)

Голдар: 0:1 – Исламхан (9), 1:1 – Тілешев (16), 1:2 – Маркович (57), 2:2 – Скорых (58), 2:3 – Исламхан (68)

Төрешілер: Игорь Чесноков (Өскемен), Ғалымжан Айжігіов (Қызылорда), Евгений Попов (Өскемен)

Қосалқы төреші: Евгений Бельский (Тараз)

Инспектор: Альберт Карымов (Павлодар)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;