«Астана» соңғы минутта үш ұпайдан айырылып қалды
![«Астана» соңғы минутта үш ұпайдан айырылып қалды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1402748130_180513258.jpg?v=28695823)
Қостанайлық «Тобыл» мен «Астана» Қазақстан чемпионатының 16-туры аясында жеңімпазды анықтай алмады.
Алдымен 59-минутта Кетевоама елордалықтарды алға шығарды, алайда вице-чемпиондар жеңісті соңғы минутта қолдан жіберіп алды. 90-минутта Томаш Шимкевич қостанайлықтарға бір ұпай алып келді.
Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 16-шу тур.
«Тобыл» - «Астана» 1:1
Голдар: 0:1 - Кетевоама 59, 1:1 - Шимкевич 90