русский язык

Деян Ловрен кубокты бірден Бразилияға бере салуды ұсынды

Деян Ловрен кубокты бірден Бразилияға бере салуды ұсынды

L'Equipe тілшісі Фредке қарсы ойын ережесін бұзған (әлде бұзбаған) Хорватия қорғаушысы Деян Ловреннің пікірін жариялап, ол шартарапқа лезде тарап кетті:

Не айта аламын? Еңсемді мұң басып, жылағым келеді. Бәрі көрді. Бұл сұмдық. Біз сый-құрмет туралы көп айтамыз, әлем чемпионаты алдында кездесулер өткізіледі, ФИФА мүшелері бізге төрешілер жайлы айтады. Ал не болды? Абзалы, кубокты бірден Бразилияға бере салған.

Неге мен ескету алдым? Оны төрешіден сұраңыз. Мүмкін болса, неге ағылшынша сөйлемейтіндігін де сұраңыз. Бұл дұрыс па, әлем чемпионатындағы төреші ағылшынша сөйлемейді?

Қазір Хорватия ойыншылары ащулы. Тіпті «бұл төреші қалай әлем чемпионатында жүр» деушілер де бар. Шетелдік басылымдар да бұл ойындағы төрелікті сан-сақа жүгіртуде. Хорватия басылымдары жапон төреші Юичи Нишимура өздерінен жеңісті «ұрлап алды» деген пікірде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;