русский язык
Хоккей

«Лос-Анджелес Кингз» Стэнли кубогының иегері атанды

«Лос-Анджелес Кингз» Стэнли кубогының иегері атанды

Стэнли кубогының финалдық бесінші матчында «Лос-Анджелес Кингз» өз айдынында екінші овертаймда «Нью-Йорк Рейнджерстен» жеңісті жұлып алды. Бұл осы сериядағы «патшалардың» төртінші жеңісі, демек олар аталмыш доданың 2013/2014 жылғы жеңімпазы атанды.

Бесінші ойында Джастин Уильямс есеп ашты. Алайда үзілістен кейін «рейнджерлер» таразы басын теңестіріп қана қоймай, екінші шайбасын салып, алға шықты. 

Үшінші жиырмаминуттықта біріншідегідей бір ғана шайба соғылды. Тағы да айдын иелері басымдықты ұтымды пайдаланып, Мариан Габориктің көмегімен есепті теңестірді.

Осы серияда дәстүрге айналғандай, «Степлс-орталықта» қосымша екі кезең өтті. 95-минутта ғана Алек Мартинес Лос-Анджелеске Стэнли кубогын қайтып алып келді. Бір маусым кубок Чикагоға кеткен болатын.

«Лос-Анджелес Кингз» – «Нью-Йорк Рейнджерс» 3:2 ОТ (1:0, 0:2, 1:0, 1:0)

1:0 – Уильямс (Кинг, Столл) – 06:04
1:1 – Крайдер (Макдона, Ричардс) – 35:37, басымдықта
1:2 – Бойл (Хагелин) – 39:30, 
2:2 – Габорик (Даути, Картер) – 47:56, басымдықта
3:2 – Мартинес (Тоффоли, Клиффорд) – 94:42

Қақпашылар: Куик – Лундквист

Серия есебі: 4:1

 

 

 

Видео video.kings.nhl.com арнасынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;