русский язык
Футбол

Ламина Диарраның «Ақтөбеге» ауысуына кедергі болған себептер

Ламина Диарраның «Ақтөбеге» ауысуына кедергі болған себептер

Футбол агенті Қайрат Баймаханов «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында Ламина Диарра «Ақтөбеге» көшуіне не кедергі болғанын айтты.

«Ақтөбе» 3-4 жыл болды сұрмерген шабуылшыны іздеп жүргеніне. Сенегалдық шабуылшы Ламина Диарраның ақтөбеліктерге ауыспағаны өкінішті жайт. Сербиялық «Партизан» сапында бомбардир болған шабуылшы кезінде «Ақтөбенің» көзіне түскен. «Партизанмен» келісімге келген болатынбыз, олар шабуылшыны жіберді. Дегенмен, Диарра Ақтөбеге келгенде жалақысын көтеруін талап етті. Сол себепті, трансфер болмады. Артынша, Диарра «Антальяспорға» ауысты. Онда шабуылшы «Бешикташ», «Галатасарай» мен «Фенербахче» секілді мықты командалардың қақпасына гол соққан. 

Кейін, «Ақтөбе» Диарраны тағы да сатып алмақшы болды. Бірақ, түркиялықтар ойыншы үшін бір миллион еуро сұрады. Тағы бір ұқсас жағдай, «Амкардың» футболшысы Мартин Якубкоға «Ордабасы» қызығушылық танытқан. Бірақ шымкенттіктердің талабы бойынша словакиялық футболшы алдымен байқаудан өту керек еді. Бұған Мартин қарсы болды. Осылайша, трансфер орындалмады», - деді Баймаханов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;