русский язык

Ван Гал мен Дель Боскенің қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты

Ван Гал мен Дель Боскенің қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты

Назарларыңызға Испания мен Голландияның бас бапкері қатысқан баспасөз мәслихатын ұсынамыз. 

Естеріңізге салсақ, ойын 5:1 есебімен Луи ван Гал командасының пайдасына шешілді. 

Ірі есеппен жеңілудің басты себебі психологиядан, деді Висенте дель Боске:

- Бұл жеңілісті түсіндіру үшін айтар сөзім жоқ. Бүгін біз қорғаныста әлсіз ойнадық. Сонымен қатар, Ван Перси мен Роббеннің шеберліктерін де айтып өткен жөн. Біз жақсы ойнаған командаға жол бердік. Енді жеңілістің себебін анықтап, қорғаныстағы көп қателіктің неден шыққанын білу қажет. Енді өткен ойынды ұмытып, келесі кездесулерде жеңіске жетуге тырысу керек, – деді Дель Боске. – Касильяс пе? Қазір біреуді кінәлайтын уақыт емес. Бұндай жеңілістер бүкіл команданың әлсіз екенін көрсетеді, оның ішінде Икер де бар.

Луи ван Галдың айтуынша, испаниялықтарға қарсы жасалған Голландияның тактикасы сәтті болды.

- Испанияға бес гол салатынымыз үш ұйықтсам түсіме кірмеген. Осындай нәтижені күтпедім, бірақ менің футболшыларым осынша гол сала алатынын білдім. Бәрі біздің стратегиямыздың арқасында, – деді Ван Гал. Испандар алға ұмтылды, ал біз оларды қарымта шабуылдар ұстап алдық. Енді киінетін бөлмеде Роббен айтпақшы, масайрап кетпеу керек. Бізде бұндай футболшылар жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;