русский язык

ӘЧ - 2014. Чилиліктер Австралияға мүмкіндік қалдырмады

ӘЧ - 2014. Чилиліктер Австралияға мүмкіндік қалдырмады
Төрт жылда бір келетін үлкен футбол мерекесінің екінші күнін Чили мен Авсралия құрамалары түйіндеді. Тартысты өткен ойында кімің бабы мен бағы келіскенін көрейік.
 
Қос құрлықтан озып шыққан екі құрама осыған дейін төрт мәрте кездесіпті. Толықтай басымдық Чили құрамасында – 0:0, 3:0, 1:0 және 2:1.  Бұл құраманың қай-қайсысына болмасын осы кездесу өте маңызды. Өйткені топтың қалған екі құрамасы әлем біріншілігінің «марқасы мен серкесі». Голландия мен Испания құрамаларынан үш ұпай олжалау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сол үшін бұл матч қос құрама үшін «өлім мен өмірдің» арасы десек те болады. 
 
Матч тартысты басталды. Санчестің бастаған жігіттер бұл ойынның фавориттері ретінде есептелді.  Алғашқы он минут бір-бірін барлауға  кетсе, одан кейін жан-жақты шабуылдан бас алмады. 11-ші минутта есеп ашылды. Қақпашының қателігін пайдаланған Алексис командасын алға шығарды. Қақпа сызығының ішінде Санчес пен Арангис әдемі пас алмасты. Чарлес өз кезегінде қақпашымен бірге бір шыққанмыен артқа жоғарыдан пас беруді шешті. Допқа бірінші жеткен Варгас ашық тұрған Санчесті тапты. Ал Алексис мүлт кетпеді.  Есеп 1:0. Члчи құрамасы Санчестің голының арқасынада есепте алға шықты.
 
 
 
 
Ендігі Постекоглу шәкірттері  есепті теңестіруге тырысып бақғатыны анық еді. Алайда көзді ашып жұмғанша екінші голды қалай өткізіп алғандарын білмей қалды. Қорғаушылар Санчесті жан-жағын күзетіп бір сәтке Вальдивияны ұмыт қалдырыпты. «Үндемегеннен үйдей бәле шығады» демекші  тыныш қана жүріп Вальдивя есепті еселеп кетті. Санчес ортадан қорғаушылар арасынан сытылып өтіп ыңғайлы позияцияда тұрған Хорхеге пас береді. Допты қабылдаған Вальдивя қақпаның жақын тоғызбұрыштығын дәл көздеді.
 
 
 

Қақпасына қос голды өткізіп алған австралиялықтар есеңгіреп қалды. Бірақ тез арада есін жинап, есепті теңестіргуе ұмтылды. Осындай ұмтылыстың бірінде 35-ші минутта есеп айырмасын қыстартты. Дэвидсон сол қапталдан қақпа маңына әуелетіп пас шығарып берді, ал Кэйхиллдің баспен ұрған добы қақпа ішінде тулап жатты. Осылайша есеп айырмасы қысқарып, сөнген үміт қайта оянды. Осымен алғашқы тайм өз мәресіне жетті.

 

 

 

Әлем чемпионаты

B тобы

Чили – Австралия – 3:1 (2:1)

ГолдарСанчес, 12 (1:0). Вальдивия, 14 (2:0). Кэйхилл, 35 (2:1). Босежур, 90+2 (3:1).

Чили: Браво, Хара, Мена, Медель, Исла, Диас, Арангис, Видаль (Гутьеррес, 60), Вальдивия (Босежур, 68), Санчес, Варгас (Пинилья, 87).

Австралия: Райан, Франьич (Макгоуан, 49), Шпиранович, Уилкинсон, Дэвидсон, Леки, Единак, Миллиган, Брешиано (Троиси, 78), Оар (Хэллоран, 69), Кэйхилл.

Ескертулер: Кэйхилл, 44. Единак, 58. Миллиган, 67. Арангис, 86.

Төрешілер: ДУЭ, Йео (Кот-д'Ивуар), Бирумушаху (Бурунди).

13-ші маусым. Куяба. «Арена Пантанал».

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;