русский язык

ӘЧ – 2014. Ацтектер Камерунды жаңбыр астында тізе бүктірді

ӘЧ – 2014. Ацтектер Камерунды жаңбыр астында тізе бүктірді

Бразилияның Натас қаласындағы «Да Дунас» аренасында Мексика мен Камерун құрамалары күш сынасты.

Жаңбыр астында өрбіген тартысты матчта «ацтектер» әлем біріншілігіндегі бірінші жеңістеріне қол жеткізді. Бірінші таймда матчтың бас төрешісі колумбиялық Рольдан Вилмар екі таза соғылған голды есептемеді. Ең қызығы екі голды да Джованни дос Сантос африкандықтардың қақпасына соққан болатын. Бірақ, төреші таза соғылған екі допты санамады. Естеріңізге сала кетсек, кешегі Бразилия мен Хорватия арасындағы ойында бас қазының қателігі матч тағдырын шешкен еді. Бұл жолы бәрі басқаша өрбіді. Бірінші тайм барысында Самуэль Это`о Ассу-Экоттоның пасынан қақпа бағынасына тиді. Ары қарай, оңтүстік американдықтар бірнеше гол соғатын мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. Дегенмен, бірінші тайм голсыз аяқталды.

Ал екінші таймда мексикандықтар Итанждың қақпасына гол соқты. Алғашқы таймның үздік ойыншысы Джованни дос Сантостың соққысын Камерундық қақпашы қайтарғанымен допқа бірінші болып Орибе Перальта жетті де бос тұрған қақпаны дәл көздеді. Артынша, африкандықтар есепті теңестіруге ұмтылғанымен бұдан нәтиже шықпады. Мексикандықтар тартысты ойында 1:0 есеппен жеңіске жетті.

Осылайша, Мексика мен Бразилия құрамасы бірінші турдан кейін «А» тобында көш бастады.

Футболдан Әлем чемпионаты – 2014. «А» тобы. 1-ші тур.

Мексика-Камерун-1:0

Гол: Перальта, 61  

Мексика: Очоа, Маркес, Родригес, Агилар, Морено, Лайюн, Гуардадо (Фабиан 68), Эррера (Сальсидо 90), Васкес, дос Сантос, Перальта (Эрнандес 73)

Камерун: Итанж, Ассу-Экотто, Н'Кулу, Джегуэ (Нункеу 46), Шеджу, Сонг (Вебо 79), М'Биа, Эно, Муканджо, Чупо-Мотинг, Это'О

Бас төреші: Ролдан Вилмар (Колумбия)

Ескерту алғандар: Морено 57 – Нункеу 77

14-ші маусым 2014 ж. Натал, Бразилия. Арена дас Дунас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;