русский язык

ӘЧ-2014. Самуэль Это’О - 1998 жылы Францияда ойнаған жалғыз футболшы

ӘЧ-2014. Самуэль Это’О - 1998 жылы Францияда ойнаған жалғыз футболшы

Бразилиядағы турнирде өнер көрсететін Камерун құрамасының ардагер шабуылшысы Самуэль ЭтоО 1998 жылғы Францияда өткен әлем чемпионатында ойнаған жалғыз ойыншы атанды.

Биылғы әлемдік доданың алғашқы тобында ойнаған Мексика мен Камерун арасындағы матчта негізгі құрамда шыққан африкалықтардың капитаны Это’О он алты жыл бұрын да осы чемпионатта бақ сынады. Осылайша, ол биылғы турнирге қатысып жатқан ойыншылардың ішінде 1998 жылы француздардың жерінде доп кепкен жалғыз футболшы атанды.

Негізі сол жылы Джанлуиджи Буффон Италия құрамасының тізіміне кірген болатын, бірақ ол Францияда ойнаған жоқ. Сонымен қатар 1998 жылғы әлемдік біріншілікте колумбиялық қақпашы Фарид Мондрагон өнер көрсетті. Алайда ол қазір өз құрамасының нөмірі бірінші қақпашысы болып саналмайды, сондықтан биылғы додада алаңға шығуы екіталай.

Естеріңізге сала кетсек, Это’О 1998 жылы Италия құрамасына қарсы (0:3) 66-шы минутта алаңға шықты. Сол кезде Самуэльдің жасы небәрі 17 жаста болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;