Клинсманн: «Біздің міндетіміз – Роналдуды тоқтату»
![Клинсманн: «Біздің міндетіміз – Роналдуды тоқтату»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1402650883_171898935.jpg?v=28696275)
АҚШ құрамасының бас бапкері Юрген Клинсманн португалиялық команданың көшбасшысы Криштиану Роналдудың жолына тосқауыл бола алатын тактиканы дайындап жатқанын мәлемдеді.
«Біздің міндетіміз – Роналдуды тамаша «Амазония» стадионында тоқтату. Оның жағдайын қиындату үшін түрлі амалдар ойластырып жатырмыз», - деді Клинсманн.
Бірінші турда америкалықтар Ганамен ойнайды. Келесі кездесу осы португалиялықтарға қарсы жоспарланған. Ал топтық кезеңді Клинсманның шәкірттері немістерге қарсы матчпен аяқтайды