русский язык
Футбол

Руслан Балтиев: «Алдағы уақытта әлем чемпионатына шығатынымызға сенбеймін»

Руслан Балтиев: «Алдағы уақытта әлем чемпионатына шығатынымызға сенбеймін»

Қызылордалық «Қайсардың» спорт директоры Руслан Балтиев «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында, әлем чемпионатын асығыспен күткенін және алдағы уақытта ұлттық құрамамыз үлкен додаларға шыға алмайтынын айтты.

- Бразилиядағы әлем чемпионатының басталуын көп күттім, деп бастады Балтиев. – Енді міне, төрт жылда бір өтетін үлкен мейрамда келіп жетті. Фабио Капелло бапкерлік ететін Ресей құрамасына жанкүйер боламын. Неге Ресей десеңіз, кезімде ресейлік командадағы ойыншыларға қарсы ойнағанмын, сондықтан мен үшін ӘЧ-2014 қызық болады.

- Сіздің ойыңызша, биылғы әлем чемпионатын кім ұтады?

- Айту қиын, бірақ Бразилия, Голландия мен Испания – чемпиондыққа таласатыны анық.

- Біздің ұлттық құрамамыз осындай үлкен жарыстарға қашан шығады?

- Алдағы уақытта бірдеңе өзгере қоймас. Дегенмен, қазірден бастап инфрақұрылым мен балалар футболына көп көңіл бөлу керек. Сол кезде ғана Әлем Чемпионатына шығамыз. Жаттығу процессі еуропалық деңгейде жүретін болса, онда ақтық кезеңге шығуымыз мүмкін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;