русский язык
Футбол

Самат Смақов: «Әлем біріншілігіне шығу үшін алдымен балалардан бастау керек»

Самат Смақов: «Әлем біріншілігіне шығу үшін алдымен балалардан бастау керек»

«Қайрат» футбол клубының капитаны Самат Смақов «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында, әлем чемпионатында қай командаға жанкүйер болатынын және әлем мундиаліне шығу үшін ұлттық құрамамызға не жетпейтінін айтты.

«Әлем чемпионатында бірнеше құрамаға жанкүйер болам – Бразилия, Испания мен Ресей. Бразилия құрамасына менің сүйікті ойыншым Ривалдо ойнағаннан бері жанкүйермін. Испанияның ойын өрнегі менің сүйікті командам «Барселонаға» ұқсаған соң оларды қолдаймын. Ресей біздің көршіміз болғандықтан оларға жанкүйер боламын.

Дегенмен турнирдің басты фавориттері – Испания, Германия, Бразилия мен Аргентина. Меніңше, осы құрамалардің біреуі әлем чемпионы атанады.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ақтық кезеңіне шығу үшін не істеу керек дейсіз бе? Алдымен балалардан бастау керек, 10-11 жастағы баларды тәрбиелесек болашақта олар еліміздің намысын қорғайды.

Қазіргі құрамамызды алатын болсақ, биылғы әлем мундиалінен тыс қалдық. Келесі әлем біріншілігі төрт жылдан кейін бірақ өтеді. Қазірден бастап, 20-22 жастағы жас футболшыларымызға мүмкіндік беру керек. Егерде, жақсы команданы жасақтап мықты дайындалсақ, 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына шығу үшін таласуға болады», - деді Самат.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Бразилияда футболдан Әлем чемпионаты басталады.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;