русский язык

Бүгін Бразилияда футболдан әлем біріншілігі басталады

Бүгін Бразилияда футболдан әлем біріншілігі басталады
Осы жарысты бүкіл дүние жүзінің жанкүйерлері асыға күткен. Және бәрін қызықтыратын сұраққа Перу бақсылары жауап бере алатын түрі бар. Өз құдайларымен ақылдасқан олар сайыста Бразиялия жеңіске жететініне нық сенімді. 
 
« Жарыста Бразилия жеңеді. Әрине, бұл оңай болмас, бәсекелестері мықты, әсіресе Оңтүстік Американың өзге командасымен жартылай финалда өтетін ойыны қиын болады. Бірақ басты жүлдеге Бразилия ие болады», - дейді Тео бақсы.
 
Ұлттық киімдерін киіп, әйгілі ойыншылардың суреттерін ұстаған бақсылар дәстүрлі салтын өткізді. Ал соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан Бразилия осы біріншілікке жақсы дайындалған. Эконмикасы қарқынды дамып келе жатқан 
Бразилия осы шараны өткізу үшін қыруар қаржы жұмсаған. Бірақ бұл халықтың наразылығын тудырып, бүкіл ел бойынша шерулер мен ереуілдер өтті. Дегенмен өкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл мейрамның шырқын бұзбайды.  

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;