русский язык

Соңғы ойын. Футбол жұлдыздары мультфильм кейіпкеріне айналды

Соңғы ойын. Футбол жұлдыздары мультфильм кейіпкеріне айналды

Роналду, Неймар және Ибрагимович мультфильм кейіпкеріне айналды. Сонымен бірге анимациялық роликте Уэйн Руни, Франк Рибери, Давид Луис пен Андрес Иньеста да бой көрсетеді, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Спорттық киім-кешек шығаратын Nike фирмасы Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионаты қарсаңында футболдағы зерігу мен ұтымдылыққа қазіргі заманғы танымал ойыншылар қарсы тұратын «Соңғы ойын» атты анимациялық фильмді көрермен назарына ұсынып отыр.

Мультфильм қаһармандары қатарында әлемдік футболдың үздік ойыншылары Криштиану Роналду, Неймар, Уэйн Руни, Франк Рибери, Златан Ибрагимович, Давид Луис және Андрес Иньеста бар. Ал шынайы футбол рухын құтқару үшін жан аямай күресетін комнаданың бас жаттықтырушысы рөлі Роналдоға берілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;