Стэнли кубогы. «Рейнджерс» есеп айырмасын қысқартты
![Стэнли кубогы. «Рейнджерс» есеп айырмасын қысқартты](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1402555488_436347241.jpg?v=28695202)
«Нью-Йорк Рейнджерс» Cтэнли кубогының финалдық төртінші матчында өз айдынында «Лос-Анджелес Кингзді» жеңіп, серия есебін қысқартты.
Бірінші кезеңдегі Бенуа Пуйо мен үзілістен кейінгі Мартин Сан-Луидің салған шайбалары «Бродвей жігіттеріне» басымдық алып келді. Сан-Луидің голынан кейін Дастин Браун есеп айырмасын қысқартқан болатын, бірақ «Лос-Анджелестің» де, «рейнджерлердің» де ойыншылары тоблодағы есепті өзгерте алмады.
Финалдық серияда 3:1 есебімен «Кингз» алда келеді.
«Нью-Йорк Рейнджерс» – «Лос-Анджелес Кингз» 2:1 (1:0, 1:1, 0:0)
1:0 – Пуйо (Мур, Брассар) – 07:25
2:0 – Сан-Луи (Крайдер, Степан) – 26:27
2:1 – Браун – 28:46
Қақпашылар: Лундквист – Куик
Серия есебі: 1:3
Видео You Tube-тегі Captain Canad арнасынан