Давид Луис: «Біздің бүгін жоспарлап отырғанымыз ертең дұрыс болмауы мүмкін»
![Давид Луис: «Біздің бүгін жоспарлап отырғанымыз ертең дұрыс болмауы мүмкін»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1402514798_637757765.jpg?v=28696757)
Бразилия құрамасының қорғаушысы Давид Луис өзінің «ПСЖ-мен» жасалған келісім-шарты туралы баяндады.
Мамыр айының соңында «Челси» мен «ПСЖ-ның» ресми сайтары Давид Луистің трансфері туралы хабарлаған болатын, бірақ олар нақты ештеңе айтпаған-ды.
«Бразилияда өнер көрсетемін бе? Мен жақында ғана «ПСЖ-мен» бес жылдық келісім-шартқа отырдым, - деді Луис Globo-ға берген сұхбатында. – Мен бірнеше қадамды артта қалдырып Еуропаға 18 жасымда келдім. Біздің бүгін жоспарлап отырғанымыз ертең дұрыс болмауы мүмкін.»
Кейбір деректерге сүйенсек, париждіктер Луис үшін 50 миллион еуро жұмсады.