русский язык
Футбол

УЕФА «Манчестер Сити» мен «ПСЖ-ның» жазасын жеңілдетті

УЕФА «Манчестер Сити» мен «ПСЖ-ның» жазасын жеңілдетті

УЕФА ағылшындық «Манчестер Сити» мен француздық «ПСЖ-ның» қаржылық fair play ережесін бұзғаны үшін берілген жазасын жеңілдетті, деп хабарлайды The Independent.

Мамыр айында УЕФА «Сити» мен «ПСЖ-ға» 60 миллион еуро айыппұл салған болатын. Сонымен қатар, аталмыш клубтар Чемпиондар лигасының тіркеуіне 21-ден көп футболшы қоса алмайды. Кейінірек Кәсіпқой футболшылар қауымдастығының халықаралық федерациясы (FIFPro) УЕФА-ны клубтардың жазасын жеңілдетуге шақырды.

Осылайша УЕФА-ның рұқсатымен клуб түлектеріне байланысты лимитке өзгеріс енді. Командалар 21 ойыншының қатарына 8 емес, бес қана түлегін қоса алады. Ал қалған үш орынды легионерлермен толтыруға мүмкіндік бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;